Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж екі отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі шара мешіт имамы Рауан Төлеубеуұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып, қысқы жылыту маусымына орай әр отбасыға 3 тоннадан, жалпы көлемі 6 тонна көмір жеткізілді.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, қыс мезгілінде олардың әлеуметтік жағдайын жеңілдету және қоғамда өзара жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу.
Мешіт тарапынан мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы