Center Image
IHSAN.KZ
«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІ: ЖАСТАРМЕН РУХАНИ-ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІ: ЖАСТАРМЕН РУХАНИ-ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен «Болашақ» колледжінің студенттерімен рухани-танымдық кездесу өткізілді.

Тағылымды шараға мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы және мешіттің «Жастар ісі» секторына жауапты наиб имамы Асхат Қобыланды қатысты.

Кездесу барысында жастарға имандылық пен адамгершілік құндылықтары, білім алудың маңыздылығы, адал еңбек, жастық шақтың қадірі және уақытты тиімді пайдалану жөнінде насихат айтылды. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеу, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және жат әдеттерден аулақ болу мәселелері кеңінен қозғалды.

Еркін сұхбат форматында өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, дін мен қоғам, тәрбие және жастардың рухани дамуына қатысты тұщымды жауаптар алды.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты ізгілікке баулу, жастардың діни сауаттылығын арттыру және олардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz