Center Image
IHSAN.KZ
«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері қарттар үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Игі шара аясында шәкірттер қарттар үйінің тұрғындарына түрлі тағамдар апарып, ақ дастархан басында жылы жүздесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қариялармен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың хал-жағдайларын сұрап, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ, шара барысында Ислам дініндегі үлкенге құрмет көрсету, қарияларды қадірлеу, мейірімділік пен жанашырлық танытудың маңыздылығы дәріптелді.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – шәкірттердің бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру және қарттарға рухани қолдау білдіру.

Осындай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz