ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы Ақтас кенті мешітінің мәйітханасында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Сапар барысында мәйітхананың жұмыс барысымен танысып, салттық қызмет көрсету сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына назар аударды.
Сонымен қатар, Ақтас кенті мешітінің имамы Азамат Сайлауұлы орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді.
Шараның мақсаты – салттық қызмет көрсету сапасын арттыру және жерлеу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз ету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы