Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде имам Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен кезекті апталық уағыз-дастархан өтті. Бұл жолғы басқосу «Уақып» тақырыбына арналды.
Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің азаншысы Әсет Наурызбайұлы арнайы қонақ ретінде қатысты. Мешіт жамағаты мен жастар бір дастархан басына жиналып, уақыптың мәні мен оның қоғамға тигізер пайдасы жайында уағыз тыңдады.
Уақып – адам өз мүлкінен түсетін игілікті көпшілікке ұзақ уақыт бойы пайда әкелетін қайырлы іске арнайтын ізгі дәстүр. Мешіт пен медресе салу, халық игілігі үшін құдық қазу – соның мысалдары.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы