Center Image
IHSAN.KZ
«ДИАДЕМА» МЕЙРАМХАНАСЫНДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ДИАДЕМА» МЕЙРАМХАНАСЫНДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы «Диадема» мейрамханасына арнайы барып, мейрамхана әкімшілігіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.

Кездесу барысында ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай ұйымдастыру, ысырапшылдыққа жол бермеу және қарапайымдылықты ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыру, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz