Center Image
IHSAN.KZ
Әскери бөлімде мұсылмандық әдеп насихатталды

Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін «Рухани келісім» күні — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бұл күн бірлік пен қайырымдылық, ынтамық пен татулық мерекесі ретінде атап өтіледі. Осы айтулы мерекенің қарсаңында ақпарат насихат тобының жұмыстарын жетілдіру мақсатында Қарағанды №1-мешітінің наиб имамы Хайролла Жақияұлы 50/185 әскери бөліміндегі қызметкерлермен өткізілген кездесуге қастысты. «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тұжырымдасында келтірілген бағыттарды басшылыққа ала отырып, мұсылманның күнделікті әдептері мен ұстанымдары жайлы ауқымды насихат жүргізді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20066,20067,20068"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz