Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жастарға арналған «Жастар және отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Тағылымды басқосу барысында отбасы құндылығы, шаңырақ көтерудегі жауапкершілік, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, ата-анаға құрмет көрсету және ұрпақ тәрбиесі жайында насихат айтылды.
Семинарда жастарға берік отбасы құрудың негіздері түсіндіріліп, отбасылық өмірде сабырлылық, жауапкершілік пен өзара түсіністіктің маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ халқымыздың дәстүрлі отбасылық құндылықтарын сақтаудың мәніне тоқталды.
Шара соңында жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы