Center Image
IHSAN.KZ
«Мектепке жол»: «Міржақып Дулатұлы» мешіті 20 баланы мектепке дайындады
«Мектепке жол»: «Міржақып Дулатұлы» мешіті 20 баланы  мектепке дайындады

Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шара мешіт имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен және дін жанашырларының қолдауымен өтті.

Қайырымдылық акциясы барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 20 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.

Шараның негізгі мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, көтеріңкі көңіл күймен бастауына мүмкіндік жасау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz