Center Image
IHSAN.KZ
Ислам дінінің рухани және этикалық құндылықтары насихатталды
Ислам дінінің рухани және этикалық құндылықтары насихатталды

Фабрика ФорматовSAM_438821қазан күні Мүташ Сүлейменов орта мектебінде аудандық үгіт-насихат тобы құрамы Нұра ауданының имамы Құмар Қоныскерей-қажы және Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елюбаев Р.М. арнайы ат басын бұрып, мектеп оқушыларымен және жиынға қатысқан мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Хасенов Ғ.Т., тарих пәнінің оқытушысы Ералин Ж.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқатаева Т.Б., информатика пәнінің мұғалімі Сыздықов Е.Б., т.б.әңгіме өткізді.

Аудан мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерей-қажы баяндамасын «Ислам- рухани құндылықтар негізі» тақырыбына арнап, өз сөзінде қазір қоғамның көзі ашық, ғылыми-техникалық дамудың шарықтаған шағы, бірақ бір нәрсе жетіспейді, бүкіл адамзат соны іздеумен әлек. Ол – рухани азық, халықымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, дін мен дәстүрімізді, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру екенін, жас ұрпақтың иманды, ибалы, тәрбиелі болуы – мемлекеттің беріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Сондықтан, бүгінгі-ертеңгі ұлт дидарының қандай болмағы, әрқайсымыздың бүгінгі іс-әрекетімізге байланысты. «Әрбір иманды адам имам болып кетуі міндет емес» деген ұстанымды ескертіп, иманды мұғалім ізгі ұрпақ тәрбиелесе, оған ата-анасы түсіністікпен қараса, міне сол кезде адамгершілігі биік ұрпақ қалыптасар еді. Хакім Абай әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын ішкі жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді. Имандылықтын ең басты көрінісі-мейрімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарай білу. Ислам діні- тілі мен ділі, дәстүрі мен танымы әртүрлі ұлттарды бөле жармай адами құндылықтар төңірегіне ұйыстырады. Әуелі, ата-анаңды құрметтеп, қас-қабағына қара, шын пейіліңмен сүйе біл, сыйлай біл, сөз қайтарма ,ренжітпе. Атаң- қорғаның, анаң- қазынан екенінің діліңнен шығарма. Кімге болса да жақсы лебізіңді айтып, жақсы ниетіңді білдір. «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген дана халқымыз, «Сабыр түбі- сары алтын» деген бабаларымыз, «жоқпын», «жарлымын» деп жасыма, біреуден тіленбе, жаныңды салып аянбай, жалықпай еңбек ет, оқы, үйрен, танып біл деді. Жастарымыздың иманды, Отанын, халқын сүйетін, салт-дәстүрін ардақ тұтар нағыз азамат болуларын тілейтіндігін айтып, біздің дінімізге жат, теріс ниеттегі діндерден сақтанудың жолдарын жан-жақты түсіндіріп,діни экстремизм жайында мағлұмат берді.Фабрика ФорматовSAM_4386

Өз кезегінде сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Ғ.Т.Хасенов келген қонақтарға бүгінгі келелі, мағыналы дәрістеріне алғысын

айта отырып,қазіргі таңда өкінішке қарай жиһад сылтауымен жат ағымдарға кетіп жатқан қандастарымыздың бар екендігін айтып, одан сақтанудың жолдарын ашып түсіндірген сұхбаттарынының өте дер кезінде жүргізілгендігін жеткізді.

Тарих пәнінің мұғалімі Ж.М.Ералин.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz