Center Image
IHSAN.KZ
Тәуелсіздік күні салтанатты түрде тойланды
Пришахтинск елді мекеніндегі «Таңшолпан» жетімдер үйінің тәрбиеленушілері «Тәуелсіздік күнін» ерекше тойлап өтті. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұт қажының басқаруымен мешіт жамағаты жетім балаларға берекелі дастархан жайып, қуыршақ театрын шақырған. Тәтті тағамдардан жеп, салтанатты кеште ән айтып, би билеген әрбір жастың жанарынан қуаныш лебі сезілді. Салтанатты мереке көпке дейін күлкі сыйлап, балақайларға сыйлықтар табыс етілді. Мекеме қызметкерлері де мешіт ұжымының осындай игілікті шараны ұйымдастырғанына дән риза. Әрбір тәрбиеші жөргектегі баласына ас бергендей қуаныштарын жасыра алмады. Мешітіміздің наиб имамы Нұржан Қалмағанбетов шәкірттермен бірге қолға алған бұл шара әркімге сабақ болардай. Жетім балалардың бұл қуанышы ұзаққа созылары хақ. Алла Тағала: «...Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» деген. Олай болса жетімнің басынан сипап, қайырлы істеріміздің санын арттыра түсейік! «Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі   [gallery link="file" ids="21589,21590,21591,21592"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz