Center Image
IHSAN.KZ
Тәуелсіздік күні жамағатпен атап өтілді

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім өзіне қалаған жақсылықты басқа мұсылман бауырына қаламайынша, толық иман келтірмейді»,- деген. Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 16- шы желтоқсан күні еліміздің тәуелсіздігіне орай құптан намазынан кейін Бас имам Алімбек Дәулетұлы жамағатпен жүздесіп, тәуелсіздік тұғырлы болсын деп жас ұрпаққа бостандық пен бейбітшіліктің қадір-қасиетін насихаттап, уағыз айтты. Мешіт жамағаты жаңа имамға тәнті болып, ризашылықтарын білдірді. Бұл аталмыш отырыстар енді әр аптаның сенбі күндері жалғасып тұрады.

[gallery link="file" ids="21605,21606"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz