Center Image
IHSAN.KZ
Лионель Месси мен Криштиану Роналду бір адамның өліміне себепкер болды
Лионель Месси мен Криштиану Роналду бір адамның өліміне себепкер болды
мессс Футбол әлемінің екі жұлдызы Лионель Месси мен Криштиану Роналду бір адамның өліміне себепкер болды. Бұл жайында испаниялық ақпарат агенттігі Үндістанның ішкі істері қызметі мәліметіне сүйене отырып хабарлады. Ақпарат көзіне сүйенсек, «нигериялық» екі дос Үндістанның Бомбей қаласында туған күн тойлап отырып, «Роналду мықты ма, жоқ әлде Месси мықты ма?» деп дау бастап, тартыса бастаған. Соңында 34 жасар туған күн иесі Обинна Михаел Дурумчукуа 24 жастағы сөз таластырып отырған Нуабу Чукумаға ашуланып, өз-өзін ұстай алмай, алдында тұрған стаканды лақтырған. Стақан қабырғаға тиіп, сынған. Нуабу болса сынған стақанның сынығын алып, Обиннаның кеңірдегін кесіп жіберген. Осылайша, Обинна дүниеге келген күні дүниеден озып кете барған. Үндістан полициясы оқиға жеріне жетіп, Нуабуды тұтқындағаны белгілі болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz