Center Image
IHSAN.KZ
Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?
Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?

Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма? Біздің мәзһабта ата-ананың рұқсаты некенің шарты емес. Қыз бен жігіт өзара келісіп куәлар арқылы некелерін қиса жарамды болады. Бірақ Исламда қыз бен жігіттің ата-аналарының батасы мен ризалығын алуы- парыз. Егер қыз бен жігіттің ата-аналары олардың қосылуларына ризалық танытпаса үйленбегендері абзал. Ата-аналардың теріс батасын алған қыз бен жігіттің некелері дұрыс болса да, өмірлері баянды болмауы мүмкін. Өйткені, мұсылманның мақсаты- Аллаһтың ризалығы. Ал сол ризалық ата-анаға қатысты. Яғни Аллаһтың ризалығы ата-ананың ақ батасында. Сондықтан қыз бен жігіт бір-біріне деген махаббатын Аллаһ пен ата-анаға деген махаббатымен ұштастырған абзал.

Ал, неке қиятын молда яки мешіт имамына келсек, олар әсте қыз бен жігіттің ата-ана не олардың әсте қыз бен жігіттің ата-ана не олардың заңды өкілдерінің рұқсатынсыз некелерін қиюын болмайды.

Дайындаған: Азамат Серікхан



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz