ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығына арнайы барып, білім алушы шәкірттермен тағылымды кездесу өткізді.
Рухани басқосуға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Діни оқу-ағарту» бағытының жауапты меңгерушісі Сұлтан Аманжолұлы, орталық директоры Сайлау Жұмағұлұлы және шәкірттер қатысты.
Кездесу барысында облыс бас имамы ҚМДБ жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жастарға тағылымды насихат айтып, адал еңбек етудің, білім мен ғылымға ұмтылудың, жастық шақты тиімді пайдаланудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ уақыттың қадірін біліп, жастық кезеңді пайдалы ілім алуға, рухани кемелденуге және қоғамға қызмет етуге арнаудың маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар қызметтік сапар аясында облыс бас имамы жуырда күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңартылған діни сауат ашу орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.
Орталық директоры Сайлау Жұмағұлұлы жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесін таныстырып, шәкірттердің сапалы білім алып, қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін жасалған мүмкіндіктерді көрсетті.
Атап айтқанда, оқу ғимаратында заманауи талаптарға сай жабдықталған дәрісханалар, арнайы спорттық және демалыс орны, асхана мер жатақхана қарастырылған. Орталықта білікті ұстаздар дәріс жүргізіп, шәкірттер Құран дәрістері, әдеп, дін мен дәстүр бағыты бойынша діни сауаттарын арттыруда.
Сапар соңында Естай Айтуғанұлы шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына алғысын жеткізіп, білім алушы жастарға ізгі тілегін арнады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы