ҚМДБ-ның «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен Бұқар жырау бабамыздың кесенесіне зиярат жасалды.
Игі шара барысында баба рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Сондай-ақ халқымыздың тарихи-рухани мұрасын ұлықтау, ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа тарихи тұлғаларымыздың тағылымды ғұмырын таныту, ата-баба мұрасына құрмет көрсету және рухани сабақтастықты нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы