Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ білім турасында машһур хадисте былай айтқан: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген.
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде фиқһ дәрістері өтуде.
Арнайы дәрісті мешіт наиб имамы Диербек Аширматов жүргізіп, сонымен қатар, шәкірттердің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беруде.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі