Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ «СЕНБІЛІК УАҒЫЗ ДАСТАРХАНЫ» БАСТАЛДЫ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ «СЕНБІЛІК УАҒЫЗ ДАСТАРХАНЫ» БАСТАЛДЫ

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жамағаттың иманын күшейту, рухани бірлігін арттыру және өзара бауырластық байланысты нығайту мақсатында «Сенбілік уағыз дастарханы» атты рухани кездесу бастау алды.

Игі бастама аясында мешіт жамағаты әр сенбі сайын бір дастархан басында бас қосып, діни насихат тыңдап, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алады.

Рухани басқосуда имандылық, көркем мінез, мұсылман бауырластығы, өзара сыйластық пен ынтымақ-бірліктің маңыздылығы кеңінен насихатталады.

Аталған шараның басты мақсаты – мешіт жамағаты арасындағы ауызбіршілікті арттырып, бауырмалдық пен жанашырлық қасиеттерді дәріптеу, рухани тәрбиені күшейту.

Мұндай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, жамағаттың рухани дамуына үлес қоспақ.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz