Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында «Өліге құрмет- тіріге міндет” тақырыбы аясында зират басында тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Шортанбай жырау» және «Қолдабай» қорымдарында сенбілік ұйымдастырылып, оған ауданның дін қызметкерлері мен жамағаты атсалысты.
Марқұмдардың рухына Құран оқылып, дұға бағышталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі