Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатының арасында үстел теннисінен сайыс өтті.
Турнирдің мақсаты жастарды саламатты өмір салтын насихаттауға шақыру, отансүйгіштікке, патриотизмге, жастардың арасында саламатты ұрпақ қалыптастыруға, спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.
Сайыс алдында мешіт наиб имамы Дархан Түменбай қатысушыларға «Денсаулықтың пендеге берген аманаты» турасында насихат айты.
Жамағат өткізілген турнирдің ұйымдастырушыларына ризашылығын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі