ҚМДБ-ның бастамасымен «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдыр тізілімі және міндеттері» құжаты қабылданған болатын.
Осы орайда, рухани тұғырнаманың міндеттерін, тәлімдері мен ұстындарын дін қызметкерлеріне жеткізу мақсатында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде арнайы семинар өтті.
Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен өткен жиында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасын ортаға салып, діни лауазымға қатысты талаптар, Ислам дінінің дұрыс және жүйелі насихатталуын қамтамасыз ету, дін қызметкерлерінің білім деңгейіне талдау жүргізу т. б тақырыптар талқыланды.
Сондай-ақ, РАНТ және ЖАНТ мүшелерінің уағыздары мен дәрістерін жандандыру, зекетті насихаттау шараларын ұйымдастыру насихатталды.
Жиын соңында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы имамы осы қабылданған құжаттар аясында жасалып жатқан жұмыстарды жандандыруды және халыққа таныстыруды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі