Center Image
IHSAN.KZ
СЭС мекемесінде кездесу өтті
СЭС мекемесінде кездесу өтті

Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Азамат Серікұлы аймақтағы «Санитарлық-эпидемиологиялық станция — денсаулық сақтау және санитарлық жағдайды бақылау» мемлекеттік мекемесінде кездесу өткізді.

Іс-шара барысында «Суицид профилактикасы», «Жастар арасында стреске төзімділік» тақырыбында насихат айтылды.


Сонымен қатар, тағыда бір қоғам дерті жат діни ағымның алдын алу мақсатында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбы түсіндірілді.

Рухани-психологиялық жиынға мекеме қызметкерлері қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz