Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті: «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында зират аумағын тазалау
«Төлеутай ата» мешіті:  «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында зират аумағын тазалау

Бүгін Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылғы айтулы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында зират басына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал. Осы ізгі амалды өскелең ұрпаққа көркем түрде насихаттау, дүниеде қадірлі болған мұсылман адамның қабірін аяқасты етпей, құрметпен қарау – бүгінгі сенбіліктің негізгі мақсаты.

Игі іс-шараға кіріспес бұрын мешіттің дін қызметкерлері Құран оқып, қорымда жатқан барша әруақтар рухына бағыштады.

Аталмыш игі іс-шараға мешіттердің дін қызметкерлері мен ерікті жамағаты атсалысты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz