Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді.
Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті « Иса молла» мешітіне келген үш бірдей азаматша Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екендерін білдірді.
Осындай ағынан жарылып келген жандардан мешіт имамы Азамат Серікұлы дінге келудегі мақсатын сұрап, оларға Ислам діні туралы уағыз айтты.
Сонымен қатар, оларға кәлима шахадатты айтқызып, хақ дініндегі бес парызды түсіндірді.
Ислам дінін жаңадан қабылдаған жандар Фатима, Мариям, Аиша есімдерін иеленді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі