Халқымыз көктемнің мамыражай мамыр айының бірінші күнінде бірлік мерекесін атап өтеді.
Мерейлі мейрамдағы ізгі іс-шаралар елімізді игілікке, халқымызды бірлікке бастап келеді.
Осы орайда Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла » мешітінің имамы Азамат Серікұлы аймақ жамағатын бірлік күнімен құттықтады.
Алла Тағаладан ел мен жердің амандығын тілеп, дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі