«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Абай аудандық кітапханасында оқушылармен кездесу өтті.
Мешіт наиб имамы Оңал Есбол мектеп оқушыларына «Білім алудың маңызы», «Ата-анаға құрмет» тақырыптары аясында рухани тәрбие-танымдық насихат айтты.
Мектеп оқушылары да өз тараптарынан қойылған сұрақтарға жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі