Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» - дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде «Фаджр» мен «Нас» сүрелерін жатқа оқудан Құран жарысы өтті. Додаға жиырма қатысушы қатысып, бақ сынасты.
Қатысушыларды сынақтан өткізу барысында қазылар алқасы сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.
Сайыс соңында Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы Құран жарысына қатысқан барша жамағатқа алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Жүлделі орындарға ие болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді.
І-орын - 70 000 теңге;
ІІ-орын - 50 000 теңге;
ІІІ-орын - 30 000 теңге.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі