Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Жат ағымның салдары» тақырыбында насихат айтылды.
Жат діни ағымдардың алдын-алу бағыты аясында өткен іс-шара барысында мешіт ұстазы жиналған жамағатқа жат ағымның салдарын және олардың айырмашылығын түсіндірді.
Жиында қоғамда кеңінен белең алып отырған дерттен сақтану жолдары айтылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі