Қарағанды қалалық «Әл - Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының тапсырмасымен мешіт ұстаздары Бақыткүл Айтқалиқызы мен Гүлнұр Қаныбекқызы әйел жамағатына «Мәйітті жуындыру және кебіндеу» тақырыбында практикалық дәріс өткізді.
Іс-шара аясында шариғатқа сай әйел адамның мәйітін оң жаққа қою, жуындырудың үлгісін көрсетті. Сонымен қатар кебінді пішу, әсіресе әйел адамның кебін киімдері, оның атаулары мен өлшемі тұрғысында түсіндіріп, мүрдені кебіндеудің ретін баяндады.
Мағлұматы мол практикалық дәріс соңында жиналған әйел жамағаты көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі