ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Абай аудандық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
«Отанның қадірін білмеген, өз қадіріне жетпейді»,- тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Қазақ халқы үшін Отан ұғымы – тек әлеуметтік құрылым емес, бәлкім ұлт болмысының тереңге байланған өзегі. Ол – кешегінің киелі аманаты мен бүгінгінің биік парызын қатар арқалаған ұлы міндет. Бүгінде кең байтақ жеріміз бен тәуелсіз мемлекетімізді сақтау – бабалар алдындағы, ұрпақ алдындағы және Алла алдындағы жауапкершілік. Олай болса, елімізді сүйейік, жерімізді қадірлейік, тыныштығымызды бағалайық»,-деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел мен жер үшін шейіт болған батырлар руһына Құран бағыштап, халқымыздың тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі