Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік іс-шарасы өтті.
Аудандық әкімдік ғимараты алдында өңір тұрғындары, аудан әкімдігі, зиялы қауым өкілдері мен қариялары жиналы, ел мен жер үшін құрбан болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы арнайы Құран оқып, батырлар руһына дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі