Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітіне қызметтік көлік сыйға тартылды. 

Темір тұлпардың кілтін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  Абай ауданының бас имамы Асхат Қанайұлына  жұма намазы кезінде табыс етті.

Жұма намазы алдында жамағат алдында сөз сөйлеген Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  Toyota Camry 35 көлігін мешітке сыйға тартқан дін жанашырларына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

«Асыл дініміздің дамуы жолында аудандық мешітіміздің түрлі іс-шараларына үлкен үлесін қосып келе жатқан дін жанашырларына риясыз алғысымды білдіремін. Алла Тағала жүрегі дін деп соққан ағаларымыздың сауапты істерін еселеп жазғай», - деді аудан имамы Асхат Қанайұлы.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында аудан имамы алдағы уақытта Абай ауданында тағы бірнеше  игі жұмыстардың жүзеге асатынын тілге тиек етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz