Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Абай ауданына ат басын бұрған сапары барысында мешіт жанынан салынатын 3 бірдей қызметтік пәтердің қазығын қақты.
Салтанатты іс-шарада облыс бас имамы: «Алла Тағала баршамызды осы ғимараттың ашылуында жүздесуді жазғай. Жаратушы Иеміз осы қызметтік пәтерді халықтың игілігі мен бірлігіне қызмет етуін нәсіп еткей. Осы ретте ғимаратты тұрғызуға бастамашыл болып отырған азаматтарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» – деді.
Айта кетейік, қызметтік пәтердің жанынан қосымша діни сауат ашу орталығы да бой көтермек.
Бір қабаттан тұратын сауат ашу орталығы ерлер және әйелдер дәретханасымен қатар, мәжіліске арналған бөлмесімен қамтылмақ.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі