Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлы Абай аудандық орталық мешітінің «Әжелер алқасымен» арнайы кездесіп, әжелер мектебінің қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызы жайында тағылымды сұхбат құрды.
«Өскелең ұрпаққа салт-дәстүрімізбен дін сабақтастығын түсіндіретін, жастар арасындағы отбасылық мәселелерде бағыт-бағдар беріп, ұлттық тәрбиемізді насихаттайтын - «әжелер мектебі». Біздің қазақ дәстүрі мен тәрбиесінде де әженің орны бөлек»,- деді облыс бас имамы өз сөзінде.
Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген ақ жаулықты аналарға алғысын білдіріп, ақ батасын алды.
Бұл кездесу имандылық пен ізгілікті насихаттауда маңызға ие шара ретінде бағаланды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі