Center Image
IHSAN.KZ
«Жанқұтты би» мешітінде қызмет атқарған қарт ана алғысқа бөленді
 «Жанқұтты би» мешітінде қызмет атқарған қарт ана алғысқа бөленді

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде  ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған қарт ана алғысқа бөленді.

Аудан имамы Берік Алпысбайұлы ерен еңбек атқарған қарияға өзінің ыстық лебізін білдіріп, алғыс хатын тарту етті.

Сонымен қатар, қарияның ерен еңбегін ескере отыра, кілем сыйға тартты.

Қажырлы қызметін бағалап, мешіттен арнайы келген аудан имамына ақ жаулықты қарт ана шексіз алғысын айтып, батасын берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz