Center Image
IHSAN.KZ
«Иса молла» мешітінде әйелдер жамағатына діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді
«Иса молла» мешітінде әйелдер жамағатына діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті, “ Иса молла” мешітінде әйелдер жамағатына діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді.  

Дәрісті мешіт ұстазы Әлия Рахманқызы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде.

Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран, Құран әліппесі, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.

Айта кетейік, сабақтарға студенттер, қыз-келіншектер, әжелер де қатысуда.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz