ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Абай ауданына барған сапарында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында баспанаға аса мұқтаж отбасыға 835-пәтердің кілтін табыстады.
Облыс бас имамы пәтер иесін қуанышымен құттықтап: «Алла Тағала үйлеріңізді берекеге толтырып, қуаныштарыңызды еселесін. Қоныс құтты болсын. Осы қайырымды іске үлес қосқан мешіт жамағатына, жанашыр азаматтарға Алла разы болсын!» деді.
Сондай-ақ, игі іс-шараға арнайы қатысқан ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы игі іс-шараға демеушілік еткен дін жанашырларына алғысын білдірді.
Айта кетсек, «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген 835-баспана Абай қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана - Жанна Жеңісқызына бұйырды
Қоныс иесі екі баланың анасы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі