Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды: Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды
Қарағанды: Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  өңірге қарасты мешіттердің  имамдарымен бірге мұсылман күнтізбесіндегі ұлық мерекенің бірі Құрбан айт мейрамын өткізуге арналған дайындық жиынын өткізді. 

Алқалы жиында Құрбан айт мейрамын жалпыхалықтық деңгейде атап өту мақсатында мерекелік шаралар ұйымдастыруды, www.qurban.muftyat.kz сайты арқылы онлайн және офлайн форматта өтетін құрбан шалу  рәсіміне арналған мал сою орындарын тазалық талаптарына сай дайындауды, арнайы штаб құрып, елдің аманатын тиянақты атқаруды, мейірімділік пен қамқорлыққа үндейтін ұлық мерекенің қадір-қасиетін және қандай игі амалдар атқаруға болатынын жамағатқа насихаттауды тапсырды.

Құрбан айт мейрамымен құттықтау баннерлерін ілу, мал бағасының шектен тыс көтеріліп кетпеуі үшін тиісті шараларды қабылдау, Құрбан айт күндері сойылған мал еттерін сақтау пункттерін ашу, қасапшыларға арналған семинарлар өткізу, «Раббың үшін Құрбан шал» акциясын өткізу, арнайы «Пәтуа сағаттарын» өткізу, құрбандық еттерін жинап, мұқтаж отбасыларға тарату істеріне еріктілерді жұмылдыру бойынша тапсырмаларды жүктеді.

  Сондай-ақ, Құрбан айт күндері мешіттердің ауласында қайырымдылық жәрмеңкелері мен ұлттық дәстүрімізге сай спорт түрлерінен сайыстар өткізу  және т.б. сынды мәселелер сөз болды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен VI Республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасының таныстырылымы өтті. 
Аталған құжат отбасы институтының тәрбиелік маңызын айқындайды. 


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz