ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторы, «Ханифа» қыздар даму клубының ұйымдастыруымен «Отбасы тыныштығы» тақырыбында рухани жиын болып өтті. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының мұрындық болуымен нәзік жандылар бас қосқан берекелі іс-шара табиғат аясында жүзеге асты.
Жиында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы «Исламдағы отбасы», «Ер мен әйелдің отбасындағы рөлі», «Берекелі отбасының маңызы» тақырыптары аясында уағыз-насихат айтып, отбасы тыныштығын сақтаудын жолдарымен бөлісті.
Әйелдер жамағаты да көкейлерінде жүрген отбасы мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап алды.
Жиын барысында Алла Тағаланың жаратылыс құдіретін сезіну мақсатында ойындар ойнатылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі