Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынына қарасты Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 2025-2026 жаңа оқу жылына талапкерлерді шақыру мақсатында Қарағанды облысындағы колледж түлектерімен кездесу өткізді.
Келелі кездесуде Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Бауыржан Шайзан жас түлектермен жүздесіп, еліміздегі жалғыз ислам бағытындағы жоғары оқу орнына оқуға түсуге шақырды.
Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы Ж.К. Букенова атындағы Қарағанды банк колледжі және Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында түлектерді аталмыш университеттің оқу жүйесімен және ондағы оқытылатын мамандықтармен таныстырып, оқуға қажетті құжаттар тізімін айтып өтті.
Сонымен қатар, діни оқу орнына түсу үшін қойылатын талаптар түсіндіріліп, эмтихан уақыттары айтылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Қарағанды талапкерлері Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға шақырылды



