Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау  бағыты бойынша Қарағанды облысы имамдарының білімін жетілдіру семинары болып өтті. 
Қарағанды облысы бойынша «С» санатындағы аудан, ауыл имамдарына арналған семинар барысында «Құран Кәрім», «Дін мәселелері жайындағы 40 хадис»,  «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» , «Ислам ғибадаты» кітабы, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» секілді маңызды тақырыптар қамтылды.
Имамдардың білімін жетілдіру семинарында арнайы ұстаздар бекітіліп, дәрістер кезең-кезеңімен жалғасын тапты.  

Семинар барысында  ҚМДБ – ның Қарағанды  облысы бойынша «Уағыз-насихат» бағытының  жауапты  меңгерушісі  Бауыржан Мейімбекұлы   игі бастаманың маңызын түсіндірді. 
Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша «Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Юсупбек Шұғайұлы семинарға арнайы қатысып, ғұламалар кеңесінде бекітілген  пәтуалармен және VI имамдар форумында қабылданған құжаттармен таныстырып өтті. 
Аталмыш семинардың мақсаты – имамдардың білімін тереңдетіп, рухани қызмет сапасын арттыру.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz