ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде алда келе жатқан ұлық мейрам – Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті.
Брифингке ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, Қарағанлы облысы бойынша “Пәтуа” бөлімінің жауапты маманы Юсупбек Шұғайұлы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы құрбан айт күндері 06-07-08 маусымға тұспа-тұс келгенін айтқан болатын. Бүгінгі брифингте дін қызметкерлері 06- маусым Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде таңғы сағат 6:00-де айт намазы оқылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, арнайы құрбан шалуға қаладан 3 орын бекітілгенін жеткізді. Өткен жылдардағы тәжірибеге сай құрбан шалу рәсімі көпшіліктің сұранысына орай, онлайн түрде «qurban.muftyat.kz» сайты арқылы да жүзеге асатынын хабарлады.
Сондай-ақ, құрбан айт мерекесіне орай мешіттерде өткізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды.
Брифинг барысында құрбан айтқа қатысты сұрақтарға жауап беріліп, қала тұрғындарын құрбандық шалынатын орындардағы тазалыққа аса мән беруге шақырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі