31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Құран аяттары оқылып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына дұға бағышталды.
Кеште облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы Құран хатым жасап, арнайы дұға жасады. Бұл шара – тарихымыздың ең ауыр кезеңдерінде шейіт кеткен боздақтардың рухына тағзым ету ғана емес, ұлт жадын жаңғыртып, келер ұрпаққа өнеге болатын тағылымды іс.
Айта кетейік, Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде ресми түрде бекітілген.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі