31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде қасиетті Құран аяттары оқылып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына дұға бағышталды.
Мешіт жамағаты арнайы Құран хатым жасап, ел үшін жанын пида еткен боздақтардың рухына тағзым етті. Бұл – тарихымыздың ең ауыр кезеңдерінде шейіт болған ұлтымыздың ардақтыларын еске алып, келер ұрпақтың санасына елдік пен ерліктің маңызын сіңіретін тағылымды іс-шара болды.
Айта кетейік, Қазақстанда 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде ресми түрде бекітілген.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.