1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры балдырғандарға қуаныш сыйлап, мерекелік шаралар ұйымдастырды.
Қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы Қарағанды қаласындағы «Batyr Jurek» қоғамдық қорындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі балаларды сыйлықтармен қуантты. Мейірімге толы мерекеде балаларға дастархан жайылып, еркін әңгімелесу жүріп, «Зекет және қайырымдылық» қорының балаларға әкелген базарлығынан сыйлықтар үлестірілді.
Бұдан кейін аниматорлар ойын көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.
Қуанышқа кенелген балалар мереке күнін есте қаларлықтай тамаша өткізді.
Мекеме басшылығы осындай игі іс-шараны жүзеге асырған ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорына шексіз ризашылықтарын білдіріп, алғыс хат табыс етті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі