Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қаласы әкімдігінде құрбан айтқа қатысты жиын өтті
Қарағанды қаласы әкімдігінде құрбан айтқа қатысты жиын өтті

Қарағанды қаласының әкімдік ғимаратында алда келе жатқан қасиетті құрбан айт мерекесіне қатысты дайындық жиыны болып өтті. 
                                                      
Басқосуға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жиенбаев Дархан Сәулеханұлы бастаған әкімдік қызметкерлері мен тиісті сала қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, құрбан айтқа жауапты дін қызметкерлері, СЭС, ТЖҚ мамандары, санитариялық қызмет мамандары мен полиция қызметкерлері бас қосты.

 Жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысып,  құрбан шалу рәсімін шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, қауіпсіздік және санитарлық шараларын сақтау және қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселелерін ортаға салды.

Қала басшысының орынбасары мерекеге дайындықты жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысында   тиісті сала мамандарына әкімдік тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, дайындық барысы қадағаланып отыратыны айтылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz