Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАСАПХАНАЛАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАСАПХАНАЛАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Биылғы  Құрбан айтты өз деңгейініде өткізу үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінде  арнайы штаб құрылды. Құрылған штаб мүшелерінің ұйымдастыруымен  құрбандық  малы шалынатын арнайы қасапханалар белгіленіп, олардың дайындық жұмыстары пысықталды.  

Облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен әкімшілік және тазалық пен қауіпсіздік саласының мамандары және рәсімге жауапты деп тағайындалған мешіт қызметкерлері діни рәсім орындалатын жерлерді толықтай аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп шықты.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жиенбаев Дархан Сәулеханұлының жетекшілігімен жүзеге асқан іс–шара барысында қасапхана иелерімен келіссөздер жүргізіліп, құрбан шалудың негізгі шарттарымен таныстырылды.

Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен барлық шариғат талаптарын сақтай отырып орындалатын болады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz