Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне – 33 жыл. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба және әнұран біздің еліміздің егемендігін және біртұтастығын бейнелейді. Ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеуде айтулы күнінің маңызы ерекше.
Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық қоры» мен «Уақып» қорының бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жастарына рухани іс шара ұйымдастырылды.
Кеш барысында мешіт ауласында тігілген қазақы киіз үйде жастарға ел мен жердің қадір-қасиеті хақында тәрбие танымдық насихат айтылды.
Мереке құрметіне балаларға діни кітаптар, тәттілер және сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі