Center Image
IHSAN.KZ
Қасапханаларға құрбан айтпен құттықтау банерлері ілінді
Қасапханаларға құрбан айтпен құттықтау банерлері ілінді

Күллі мұсылман жұртының ұлық мерекесі қасиетті құрбан айттың  жақындауына орай Қарағанды қаласындағы қасапханаларда дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп, мерекелік құттықтау банерлері мен құрбан шалу тәртібі жазылған ақпараттық тақтайшалар ілінді. 

Мал соятын орындар барлық шариғат талаптарына сай жабдықталған.

Айта кетейік, Қарағанды қаласы бойынша құрбан шалынатын үш қасапхана белгіленген болатын.

Атап айтқанда:

- Резник көшесі, 18 (ЖК «Әбішева А. О».);

- Гоголь көшесі, 2/23 («Арай kz» ЖШС);

- Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов» ШҚ).

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz