Center Image
IHSAN.KZ
«Зекет және қайырымдылық» қоры балаларды шаттыққа бөледі
«Зекет  және қайырымдылық» қоры балаларды шаттыққа бөледі

Қасиетті құрбан айт мейрамының қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен жеткіншектерге арналған кезекті қайырымдылық іс-шарасы жүзеге асты.

Қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлының ұйымдастыруымен әлеуметті көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға дастархан жайылды. 

Сонымен қатар, көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылып, тәттілер мен ойыншықтар, балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz